Алматы облысында жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 90% - ға жетеді
Общество   30.09.2021   840
Соңғы 5 жылда "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында жергілікті маңызы бар 1800 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ЖҚЖК-2020: 105,6 млрд. теңгеге 900-ге жуық жоба іске асты
Общество   17.02.2021   423
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аса басымдылыққа ие, ол Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында сәтті жүзеге асырылуда.
Жетісуда 1,1 млрд. теңгеге демалыс базалары салынады
Туризм   15.02.2021   12067
Алматы облысы табиғаты көз тартар көрікті мекен. Жетісу өлкесі туристік нысандарға бай. Сол себепті, бұл аймаққа туристер ағылып келеді. Алайда, пандемияға байланысты былтыр аса жоғары көрсеткіш тіркеле қоймады. Салдарынан, келуші туристер саны 42 пайызға төмендеген. Дегенмен, туризм саласы тұралап қалған жоқ. Соңғы жылдардағы ішкі туризмнің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр. Сәйкесінше, келушілерге қызмет көрсететін нысан саны 803-ке жеткен жайы бар.
Алматы облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр
Общество   25.12.2020   506
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Алматы облысына кезекті іс-сапарымен келді. Министрдің сенімді уәкілі аймақта «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуын көзімен көріп қайтты. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Жұмыспен қамтудың жол картасымен саялы Сарқан ауданында аулалар жаңартылып жатыр
Общество   11.11.2020   682
Ауданда жол карта аясында 10 жоба жүзеге асуда. Оларға жалпы құны 619,065 млн. тенге. Бұл туралы көшпелі брифинг барысында аудан әкімі Талғат Қайнарбеков мәлімдеді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы арқасында Қапшағай біраз әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып жатыр
Общество   10.11.2020   418
Бүгін шаһар мемлекеттік бағдарлама сәтімен іске асуда. Мектеп, ойын алаңдары, жол жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құматаев мәлімдеді. Мәселен, ЖҚЖК мен қаладағы Алтынсарин атындағы мектеп жаңартылуда. Білім ошағы 1965 жылы салынған. Содан бері еш жөндеу көрмеді. Нысан 600 орынға лайықталған. Қазір 700оқушы оқып жатыр. Пандемия кезеңінде кезекші сыныптары жасақталып 155 бала әдеттегі форматта білім алуда.
Еңбекшіқазақ ауданында су құбырының құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталмақ
Общество   04.11.2020   343
Мемлекеттік саясатты іске асырудағы басты міндеттердің бірі халық үшін сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету. Олардың арасында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында топтық су құбырының құрылысы жүргізілуде, ол ауданның 9 елді мекеніне, соның ішінде Есік қаласына су жеткізетін болады. Яғни, ауданның 105 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі. Мұндай мәліметтерді "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібеков айтты.
Еңбекшіқазақ ауданында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ашылады
Общество   04.11.2020   344
Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінде 50 орындық жаңа дәрігерлік амбулатория ашылмақ. Айта кету керек жаңа медицина мекемесінің құрылысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Аталған бағдарлама бойынша нысанда 62 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған, ал жақын арада нысан толғымен пайдалануға беріледі. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.
Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйін жөндеуге 572 млн. теңге бөлінді
Общество   04.11.2020   403
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Есік қаласындағы аудандық мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 572 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстарының 80% аяқталды. Бұл туралы "Jetisý Media" көшпелі баспасөз конференциясы барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев мәлімдеді.
Қаржыны қажырлы еңбек игерсін
Политика   30.10.2020   1896
Осы аптада «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық бақылау жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары Серік Мұқанов қаламызға арнайы келіп, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың барысымен жан-жақты танысты, сондай-ақ, бірқатар мердігер компаниялардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.